Әншілердің инстраграм желісіндегі парақшаларын бақыласаңыздар, қысқы демалыстарын қай елде өткізіп жатқандарын байқаған боларсыздар. Мысалы, Жанболат пен Жазира, Ерке Есмахан, Шахизада ханым, Бүркіт пен Аиша, барлығы да ыстық елдерде. Әбдіжаппар Әлқожа да жуырда Түркиядан оралды. Бірақ, дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекетке қандай себеппен барды? Оны өзінен сұрастырып көрейік.
Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:
«Түркияның Стамбул деген қаласында болып қайттық. Ол жаққа барудың бір себебі жаңа бейнебаян. Негізі басты жаңалығым осы жылғы менің жоспарларымның бірі осы жылы төрт бейнебаян төрт мезгілде түсіретін болады. Соның екінші бейнебаянын түсіріп қайттық. Біріншісін осы Алматыда түсіріп жатырмыз».


Сөйтсек, әнші ол жаққа жұмыс бабымен барған екен. Ал, 4 бейнебаянның бір-бірімен байланысы бар ма?
«Төртеуі бір-бірімен байланысты, сериалдық түрде. Жалпы бір үлкен оқиға. Төрт бейнебаяннан тұрады, төрт әннен тұрады».


Айтпақшы, Әбдіжаппар түсірілімді бастап кетсе де, әлі де бейнеклиптеріне түсетін аруды таппапты.
«Мен ойнаған жерлерін түсіріп жатырмын, Түрік елінде болсын, Қазақстанда болсын. Ал, қыздарға кастинг жариялап жатырмыз. Өзімізге бейнебаянға сол төрт бейнебаянға түсіп беретін, бір жыл бойында бізбен бірге жүретін қыз таппай жатырмыз».


Ендеше, оның бейнебаяндарына сұлу қыздың рөлін сомдағыңыз келсе, қойған талаптарына құлақ салыңыз.
«Таза қазақи түрдегі, өте келбетті, бойы ұзын, гимнастика жағынан өте тәжірибелі болу керек. Өйткені бейнебаянда оқиғасында сондай бір әдемі жерлері бар».


Төрт ән де су жаңа. Иә, иә түсірілім барысын тоқтатып тұрған тек бір жағдай. Ол...
«Не істедім?» деген әнмен басталады. Жаңа ән, жақында әлеуметтік желіге де шығады. Бейнебаянды да жаңағы өзіміздің іздеген қызды тауып алатын болсақ, ол қыздың да жаңағы рөлдерін ойнатып екі күнде, одан кейін арнаға ұсынатын боламыз. Бірінші бейнебаян осы ақпан айында басталады».


Әбдіжаппар, сіз шынымен де хикая түсіріп жатқан сияқтысыз. Ал, хикаяңыз не туралы болмақ?
«Төрт бейнебаянда енді махаббат жайлы айтылады. Махаббаттың әдемі оқиғасы. Қыз бен жігіттің бір-біріне сезімі».
Ал, ең соңғы бейнебаянның тұсауын тура өзінің кешінде кеспек.
«Күз мезгілінде ғой тағы. Дәл осы былтырғы жылғыдай күз мезгіліне белгіленіп отыр. Астана не болмаса Алматы болады. Көреміз».


Жарайсыз Әбдіжаппар. Той Думан арнасы сізге тек шығармашылық табыс тілейді. Алға шаба беріңіз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар