Эстарамыздағы Баян мен Қозы-Көрпеш, ой Ерлан дегеніміз ғой, осыдан 7 ай бұрын балалы болып, уақыттарын түгел отбасыға бөлуде. Әрине, қыс мезгілі де көп жоспарларға кедергі болып тұрған сияқты.

Ерлан мен Баян, жарасымды жұп:

«Гастрольдік сапарға жиі шығып жүрміз. Осы жаңа жылдың қарсы алмас бұрын, желтоқсанның аяғына қарай біраз жерлерде концерт берген болатынбыз. Енді ауа-райының қолайсыздығына байланысты біраз демалып жатырмыз».


Осыдан бір-екі күн бұрын, Алматының ауа-райы жергілікті тұрғындарды таңқалдырды. Әрине, жарасымды жұпты да.

«Мына аяз шыны керек үйден шығарғысы келмейді ғой. Сол бешбармақты қазанға салып қойып үйде отыра бергің келеді».


Ал, көктем келе салысымен, дуэт гастрольдік сапарды жалғастырады.

«Сәл күн жылыса осы ұйымдастырушы жігіттер сол Жаркент қаласы, Алматы облысына жақын қалалармен сөйлесіп жатыр. Сол қалаларға барып қаламыз концертпен».


Айтпақшы, арнамыздың тілшісіне берген сұхбатында отбасылық дуэт жуырда Баянның үлкен кешін береміз деген. Алайда, сөздерінде тұрмады.

«Жылда жоспар құрамыз, бірақ адамның емес, Алланың дегені болады дейді. Енді Зейн ұлымыз дүниеге келгелі бері, шыны керек Баянның кішкене үлкен концертке дайындығы аздау болып жатыр. Сәл біздің қолымызды байлап жатыр тұрмыс-тіршілік деген».


Бірақ, Баян Нұрмышева үлкен концертке дайын.

«Мен өзімді дайын деп санаймын. Тіпті ол концерттен де асып кететін репертуар бар. Бір концертке сыймайтындай репертуар бар. Сол шығармашылық жағынан дайынмын, тек сол ұйымдастыру жағына көп көңіл бөлу керек болып отыр».


Қазіргі таңда олар көбінесе дуэтке арналған әндерді қарастырып жүр. Мысалы...

«Қалай-қалай», «сенім», «ойла», «жаңа жыл». «Жаңа жылға» бейнебаян түсірген болатынбыз, бірақ оны сәл үлгермедік. Келесі жылы көрсететін шығармыз жаңа жылда».


Жарайды, сол бейнеклипті бітіру үшін тура 1 жыл уақыттарыңыз бар. Келесі жылы оны да сұраймыз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар