Жуырда жарқ етіп шыққан Қуандық Рахым Алматыда үлкен кешін өткізген болатын. Енді міне, әнші гастрольдік сапарға шықпақ. Ол ақпан айында ән кешімен Алматы облысын аралайды. Ал, концерттің қонағы кім екені қызық па?


Иә, ол аты шулы Ақбота Сейтмағанбет. Олар бірге 10 ақпаннан бастап 15-не дейін сіздер үшін ән шырқамақ. Нақтырақ айтсақ, Шелек, Есік, Ұзынағаш, Жаркент, Қаскелен және Қапшағайдың тұрғындары үшін. Ал, кештің аты «шын ғашықтар». Қуандықтың айтуы бойынша ол су жаңа әндер дайындап қойды. Әрине, олар жанды дауыста орындалады. Ендеше, қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар