«Қазақтың қызы ғана әп-әдемі» деп халықтың жүрегін жаулап алған Дильхан Исаев Ерке Есмаханның ізін жалғастырып, «қайда» атты әнге бейнеклип түсірді.
Дильхан Исаев, әнші:
«Қайда» деген ән бейнебаянымен жарыққа шыққалы жатыр. Ол жерде енді елімізге танымал, әзіл-ысқақ жанрында ойып алатындай бір орындары бар жас буын басты рөлдерге түскен».


Олар кімдер Дильхан мырза? Нақтырақ айтсаңыз...
«Атап айтатын болсақ, Рамис Құлахметов, Рауан және де Сая Оразғалиева атты киноактриса».


Есімдері көбісіне танымал актерлар мынадай рөлдерді сомдайды.
«Өте көңілді бейнебаян, көңілді ән. Қайда сол қыз қайда деп өз сүйіктілерін таба алмай жүрген жігіттердің жыры десек те болады».


Ал, Дильхан мырза 7 туындыңызға қанша қаражат кетті?
«Қаржы... Енді».
Осылай әнші ұзақ ойға батты. Айта салыңыз енді.
«Бұл бейнебаянға қаржы енді 2000 доллар кетті».


Жуырда аталмыш туынды жарыққа шығады. Сондықтан, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар