Осыдан төрт жыл бұрын эстрадамызға тағы бір дуэт қосылды. «Шамшырақ» деп жарқ етіп шыққан топ 3 бейнебаян түсірді де, 2017 жылы мүлдем көрінбей кетті. Оған себеп болған мына жағдай.
Шамшырақ тобы :
«Біздер бір жыл бір кісілерге сеніп қалып, кішкене отырып қалдық. Біз көрінбеген себебіміз бар. Бір жыл шықпаған себебіміз біз көп ойландық».


Алайда, Асылбек пен Ұлмекен еңселерін түсірген жоқ.
«Сол кісі себепкер болды ма, биыл шабыт ашылды. Көп ой келді. Бұл кісіше рахмет айтамын. Бұл «Шамшырақ» тобына үлкен үлгі болды. Енді тоқтамай жұмыс жасаймыз».


Мынадай қиындықтарға тап болған топ «Өмір-ай, өмір» атты әнге бейнеклип түсіруде.
«Қазіргі түсіріп жатқан бейнебаянымыз әні Лұқпан Жолдасов, сөзі Талант Арынғали «Өмір-ай, өмір» деп аталады. Бізге арнайы Лұқпан Жолдасов жазып берген болатын».


Мхм, сонда әнді қаншаға сатты?
«Сыйға тартты».


Сыйға тартқан ән басында ырғақты болыпты.
«Алғаш жазған кезде тез ән болды. Біз концертке шыққанда тыңдаймыз. Әнде мұң бар. Сосын ақылдаса келе, бір жәй вариантты көрейік деп жазып едік. Лұқпан аға енді арнайы бізге жазып берді, сосын жәй вариантты тыңдаған кезде рұқсатын берді».


3 бейнебаянға «Шамшырақ» қаржыны өз қалталарынан жұмсаса, бұл жолы олай емес.
«Бізге көмектесіп жатқан бір кісілер бар. Биыл қолға алып жатыр ғой енді. Бізде жаңалық бар десек те болады. Атын айтсам ба? Жұмбақ болып қалсын ба?».


Асылбек ойланып қалды. Бірақ демеушісінің өзі сұхбаттасуға қарсы емес екен. Ендеше, таныс болыңыздар.
Сисекова Мирамгүл, бейнеклиптің продюсері:
«Мен әзірше осы әннің клипіне продюсер болып жатырмын. Ал келешекте көреміз. Негізі жоспарларымыз бар».


Қазіргі таңда «Шамшырақ» Мирамгүл ханыммен келісім шартқа отырмады. Алайда, алдағы уақытта барлығы мүмкін. Ал, бейнебаян жарыққа шыққан соң, бағасын бере жатарсыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар