Бүгінде эстрадамызда дуэттер жеткілікті. Ал, жуырда олардың қатарына Төреғали мен Мөлдір қосылды. Олардың жаңғыртып айтқан «сен болмасаң» әнге түсірілген бейнеклипі Youtube-тегі Той Думан каналында небәрі 3 аптаның ішінде 2 млн қаралымға жетті.

Иә, ешкім бұндай дуэтті күтпеді. Шынымен де, сюжет те, әншілердің ойындары да керемет шықты. Ал, бейнебаянның соңын олар «жалғасы бар» деп аяқтады. Барлығы да тағатсыздана екінші бөлімін күтті. Міне, көп уақыт өткізбей Төреғали мен Мөлдір «қоштасудың қиын-ай» атты ескі әнге бейнебаян түсірді.

Айта кетейік, 1 күннің ішінде аталмыш туындыны 270 мың көрермен тамашалады. Миллионға да аз қалған сияқты. Ал, сіз бейнеклипті әлі де көріп үлгермесеңіз, оны Той Думанның Youtube каналында таба аласыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар