Үштіктен тұратын «Ағайындылар» тобы бір жыл жаңалықтарымен бөліспеді. Алайда топты сөгудің қажеті жоқ. Өйткені оларға кедергі болған маңызды себептер.
Ағайындылар тобы:
«Бір жылда бейнебаян түсірмедік. Негізі әндер жазылды. Бір себеп болған менің тамағыма байланысты. Сәл тамағым ауырынқырап, операция жасаттым. Содан кейін де топтың шаруасы чәл бір үзіліс алды деуге болады».


Ағайындылар сол олқылықтың орнын толтыру үшін су жаңа әнге бейнебаян түсіруде.
«Қазіргі таңда бұл әннің аты «Кел-кел», орысша айтқанда сюда иди деген. Жастардың әні. Қазір түнгі клубтар көп енді Қазақстанда. Бұл түнгі клубтың атмосферасын береді».


Топ тіпті өзгеше бағыттағы әнді таңдапты.
«Бұндай стильде айтпағанбыз. Бұның стилі евро-восток дейді. Бұл жанрда бірінші рет айтайын деп тұрмыз. Эксперимент дейді ғой».


Бірақ, сол эксперименттің барысында олар қиындықтарға тап болған.
«Енді басында кішкене жиналуымыз. Арасында кедергілер болып тұрады енді. Оған қарамастан тек қана алға. Жұмыс-жұмыс деп бастап жатырмыз».


Ал, жұмыстың барысында ең қиыны арулармен жұмыс істеу екен. Өйткені, олар көп.
«Енді бұл жерде ең қиыны осындай масса әдемі қыздарды жинау. 20 шақты қыз бар. Соның барлығын жинап шақырып жатырмыз. Ең қиыны сол болды. Біреуі уақытым жоқ дейді, әйтеуір шамамыз келгенше алып қалып жатырмыз».


Әрине, Бауыржан сізді түсінеміз. Өйткені, қыз қылығымен сүйкімді.

Әттең, «Ағайындылардың» жүрегі тек үшеу, әйтпесе барлығына бөліп берер еді.
«Бұл жерде әннің сөздері бар ғой «әттең-ай, әттең жүрегім жалғыз, бәріне бірдей бөліп берер ем» дейді ғой. Сол сөздің қадірін енді түсініп отырмыз».


Иә, бұл ән жүректерді жаралайтын қыздар мен жігіттерге арналған сияқты. Ал, оны тек бейнебаяннан білуге болады. Сондықтан, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар