Екі ай бұрын Ернар Айдар Республика сарайында «Күнім сен сөнбеші» атты шығармашылық кешін өткізді. Концертте талай тосын-сый, әдемі әндер, қызықты сәттер және Республика сарайының тарихында болмаған ең үлкен торт болды. Әрине, халық Ернарды, ал әнші халықты сағынды. Сол екі сағат бір сәтте өтіп кетіп, міне ол қайтадан дайындыққа кірісіп кетті. Иә, Ернар Астана қаласында кешін өткізбек. Концертті әнші аруларға арнап, 8 наурызға жоспарлап қойған. Сонымен қатар, Айдар байқау жариялауда. Ол туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.

Айтпақшы, өнердегі аға-буын әріптестері де Ернарды қолдап, тілектерін білдіруде.

Ендеше, кештен қапы қалмаңыздар. Ал, Ернар Той Думан арнасы сізге шығармашылық табыс тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар