Сахнадан тыс қалған әншілердің тізімінде Индира Расылхан бірталай жыл жүріп, міне қайтадан оралды. Сол сахна, сол халық болса да, уақыт өтіп кетті. Сондықтан, қобалжу да бар.
Индира Расылхан, әнші:
«Мен енді өзімнің біраз шығармашылық үзілістен кейін жақында осы бейнебаянымды ұсынайын деп жатырмын халыққа «Күзгі қоштасу» атты әнге түсірілген. Шынымды айтсам толқына және де сондай бір тебіреніспен».


Біраз жылға созылып кеткеннен кейін әншінің көкейінде сұрақтар пайда болыпты.
«Себебі қанша дегенмен біраз жыл үзіліс. Ол адамға кішкене бір ой салады екен. Енді халық қалай қабылдайды мені? Және де мені халық қай қырымнан көргісі келеді деген сияқты көптеген өзіне деген сұрақтар көбейе береді екен».


Бейнебаянда сюжет жоқ. Өйткені...
«Трэктік клип ұсынсақ деп едік. Себебі біраз уақыттан бері клип ұсына алмағаннан кейін, халық Индира Расылхан деген қандай екендігін есіне түсірсін деген сияқты».


Астана қаласында Индира ханым өнер мектебін ашып, біраз еңбектенген. Алайда, жүрек сахна деп соғып тұрды.
«Біраз уақыттан бері творчестводан қол ұзып қалдым деп айтып жатырмын ғой. Оның өзі де бекер емес. Осы орталықты ашып, екі жыл жұмыс жасаған жәйым бар. Мүлдем сол екі жылда ән де жазылмаған екен. Бейнебаян да түсірілмеген екен. Халық мені бірден ұмыта салды да».


Индира ханым, сіз сол кезде қандай күйде болдыңыз?
«Ол менің жаныма әрине батты. Мен енді өзімді педагог ретінде елестете алмадым ары қарай болашақта».


Елордамыз Расылхан ханымның өміріне біраз өзгерістер алып келді. Алайда, әнші енді өнеріне білек-сыбана кірісіп, тіпті дене бітіміне де көп көңіл бөліп жүр.
«Осы Астанаға келгелі бері, расымен салмақ қосып алдым. Халыққа да, өзіме де белгілі. Қазір енді фитнесске барып жүрмін аптасына 3 рет. Екі қызыммен бірге фитнесстен шықпаймыз».

Оралуыңызбен, Индира ханым. Алдағы уақытта жақсы жаңалықтарымен бөлісерсіз. Ал, сәттілік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар