2017 жылдың соңында өнер әлемінде біраз даулар орын алды. Міне, жаңа 2018 жылы да басталды. Алайда, у-шу әлі басылған жоқ. Енді елдің назарында Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекова. Баян ханым өз инстаграм парақшасында Мөлдірге қатысты пост жариялады. Әлеуметтік желіде «Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі» деген суретті байқап, бірден жауап беруге асықты. Продюсер өз постында мұның барлығы жалған екенін жазып, экс Кеш You-лық әншінің қиялына таңқалды. Сөз соңында Алагөзова ханым Әуелбекованы БАҚ өкілдерінің алдында бетпе-бет сұхбат беруге шақырды. Енді халық Мөлдірдің жауабын күтуде. Ары қарай не болатынын әрине ешкім білмейді. Бірақ, жас продюсер Баян ханымның ызасына тиген сияқты. Жақын күндері Әуелбекова экс продюсеріне мән-жайдың ақ, қарасын түсіндіріп берер деп үміттенеміз. Бұл даудың немен аяқталарын Той Думан арнасы жіті назарда ұстайтын болады. Сондықтан, арна қосулы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар