Халықаралық әйелдер күніне небәрі бір ай қалды. Иә, сері жігіттер сүйікті аруларын, аналарын және қарындастарын құттықтау үшін біраз еңбектену керек. Өйткені, бұл мереке қарсаңында шығындалуға тура келеді. Бірақ, мұңаймаңыздар. Өйткені, оның шешімі бар. Мысалы, Алматылық Фарид Сүлейменов осыдан бірнеше ай бұрын ВТБ (Қазақстан) Банк кредиттік картасын рәсімдеген. Сондықтан, шұғыл ақша қажет болған жағдайларда қаржы мәселелеріне басын қатырмайды.
Фарид Сүлейменов, Алматы қаласының тұрғыны:
«Өткен жылда мен бірінші рет кредиттік картаны рәсімдедім. Бұл қолайлы, себебі әрқашан қолыңда қосымша ақша болады, оның үстіне картаны кез келген елде пайдалануға болады. Ал бірінші рет рет осы кредиттік картаны жаңа жылдың алдында пайдаландым. Еңбек ақыны алғаннан кейін, мен барлық ақшаны ақысыз қайтарып бердім».

Кредиттік карта іс жүзінде банктік кредит. Оны клиент кез келген кезде пайдалана алады. Бірақ, әдеттегі кредиттен артықшылығы, егер сіз картадағы қаржыны пайдаланбасаңыз, ешқандай пайыздарды төлеу қажет емес. Картаның тағы бір үлкен артықшылығы жеңілдік кезеңінің –бар болуында. Айтпақшы, жеңілдік кезеңдерінің ең үлкен мерзімі 60 күнге дейін. Егер айтылған уақыттың аралығында алынған қаражатты қайтарып төлесеңіз, ешқандай пайыз қосылмайды.
Салтанат Қыдырбекова, ВТБ (Қазақстан) Банкінің менеджері:
«Одан басқа, кредиттік картадағы ақша лимиті де қайта жаңартылады. Бұл, егер сіз картадағы ақшаны жұмсасаңыз, ал содан кейін оларды қайтарсаңыз, барлық өтелген сома есептелген сыйақыны алып тастағаннан кейін қайтадан қолжетімді болады дегенді білдіреді».


Кредеттік карталардың тағы бір ерекшелігі.
«Иә, Кредиттік карталардың тағы бір артықшылығы бар. Сыйақы мөлшері толық соммаға емес, тек пайдаланған соммаға ғана есептелінеді».


Әрине, кредиттік карталардың артықшылықтары өте көп. Мысалы, мерекелердің қарсаңында, жанұямен демалысқа немесе сапарға қаражат қажет болған кезде, сіз ақшаны қайдан аламын деп еш ойланбайсыз. Өйткені, ВТБ (Қазақстан) Банкі сіздерге көмек беруге дайын. Аталмыш банк өзінің клиенттеріне 36 айға дейінгі мерзіммен 2 000 000 теңгеге дейінгі лимитпен теңгедегі кредиттік карталарды ұсынады. Ал, ақпаратты толығырақ білу үшін ұялы телефоннан 5050 хабарласыңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар