Еліміздің ерке баласы Төреғали Төреәлі мен сұлу әнші Мөлдір Әуелбекова бірге ән орындап, көпшіліктің жүрегінен орын алды. Бірінші бейнеклипін олар «Сен болмасаң» атты әнге түсіріп, Мейрамбек мырзамен Салтанат ханымның жетістігін қайталады. Бейнебаянда екеуі де балалық махаббатты сезінген мектеп оқушыларын ойнайды. Әрине, қос әнші актерлық шеберліктерімен жұртты таңқалдырып, аз уақыттың ішінде Toi Duman-ның Youtube каналында миллион қаралымға ие болады.

Ал, бейнеклип «жалғасы бар» сөздерімен бітеді. Иә, халық шынымен де екінші туындыларын күтті. Міне, көп ұзамай Төреғали мен Мөлдір «Қоштасудың қиыны-ай» атты әнге бейнебаян түсіреді. Бірінші туындыда қосылмаған ғашықтар, екіншісінде бір-бірін табады. Осындай бақытты нотамен махаббат хикаясы аяқталады. Тура кинодағыдай.

Екі өнерпаздың клипі 6 күннің ішінде миллионнан аса қаралым жинады. Аталмыш туынды секілді бейнебаяндарды сіздер Toi Duman-ның Youtube каналында және эфирімізден тамашалай аласыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар