Осыдан екі ай бұрын Серік Ибрагимов «Бар-бар» әніне бейнеклип түсіріп, үшінші рет миллионерлердің қатарына кірген еді. Ал, жуырда әнші су жаңа әнге бейнеклип түсірді.
Серік Ибрагимов, әнші:
«Жаңа бейнебаян ол менің ұстазым, кішкентай кезімнен тәрбиелеген, осы өнерге алып келген Құлахмет Нәлтаев ағамыздың әніне жазылған Ершат Қайболдин бауырымыздың сөзіне жазылған «Ауылым» деген әнге түсірілді».


Бір сөзбен айтқанда әнші ауылына барып бір оқпен екі қоянды атып келді.
«Сол ерекшелігі менің туған жерім, ауылымда түсірдім. Енді бейнебаяндарымның ішіндегі ең бір көзге ыстық көрінетін бірі болады деп ойлаймын. Себебі ауыл деген барлығына қымбат».


Әдетте көгілдір экраннан көріне бермейтін Серіктің ата-анасы да аталмыш туындыда төбе көрсетеді. Қалай келісті а?
«Иә, келісті ғой. Бірақ, ондай рөл ойнамайды оның ішінде. Бірақ сол өздерінің өмірлік рөлі ғой».


Ибрагимовпен жерлес болсаңыз, бейнебаянда өзіңізді көріп қалуыңыз әбден мүмкін.
«Сырттан ғана түсірдік. Сондықтан барлығы шыққаннан кейін таңқалатын шығар мен жүрмін ғой деп. Тек қана өзімнің ауылымды ғана бейнеледім. Бірақ барлық ауылдан шыққан кісілердің құрметіне».


Әрине, әр дүние қомақты қаражатты талап етеді. Ал, Серік қазіргі таңда продюсерден кетіп, бұндай сұрақтармен өзі айналасып жүр. Қиын емес пе?
«Продюсерсіз жұмыс істеу қиын емес. Негізі керекті ақпаратты, ақылдарды Алтынбек ағаға звондап, сқрап аламын. Және ол кісі айтады. Мен ең мықты продюсердің қолында жұмыс істедім. Сондықтан ары қарай жақсы болады деген ойдамын».


Иә, қазірдің өзінде барлығы жақсы сияқты ғой. Бейнебаян түсірдіңіз, әрі гастрольдік сапармен елімізді аралап жүрсіз. Ал, келесі аялдама қай өңірде?
«Шығыс Қазақстан облысына барамыз. Оның ішінде Семей, Өскемен, Зайсан, Аягөз. Сондықтан, күтіңіздер. 26 –нан бастап 3 наурызға дейін. Одан кейін Батыс кете береді солай-солай».


Серік жуырда жаңа дуэт жазбақ. Алайда, әншінің есімін ол құпияда қалдырғанды жөн көрді.
«Жақында тағы бір жаңалық. Ол қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әдемі, талантты әнші ару қызымызбен дуэт болады. Бұйыртса күтіңіздер. Атын әзірге, бірақ бас әріпі А-дан келеді».


Мхм А-ға келеді дейсіз ғой. Ендеше, тауып көріңзідер. Ал, Той Думан арнасы Серікке шығармашылық табыс тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар