90 жылдардың соңында ең танымал әншілердің қатарында болған Нұрлан Өнербаев 2008 жылы депутаттық қызметке бет бұрып, шығармашылығынан алыстап кетті. Алайда, халық оның орындауындағы «Сағыныш»,«Қазақ қызы», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Қарағым-ай» секілді әндерін әлі де ұмытқан жоқ. Көп күттірген әнші 2016 жылы қайта шығармашылығын қолға алып, Алматы қаласында қараша айында үлкен кешін өткізді. Енді міне, Нұрлан мырза Астаналықтарды қуантпақ. Ол 8 наурызға «Жүректегі көктем» атты концертті Экспо Конгресс Орталығына жоспарлап қойды. Айта кетейк, дәл сол күні Ернар Айдар да кешін өткізеді. Сондықтан, астаналықтардың алдында үлкен таңдау тұр. Ендеше, қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар