«Жігіттер» тобының солисті Ердос Қанаев әріптестері сияқты жеке шығармашылшығын қолға алуда. Ол кезінде «Тұмарлан» тобының құрамында болған Қанат Майлыбаевпен дуэт жазыпты.
Ердос Қанаев пен Қанат Майлыбаев:
«Осы Қанат Майлыбаев деген ағамыз өзі режиссер, әрі хореограф, әрі әнші, әрі композитор. Жігітке жеті өнер де аз дейді ғой. Осы Қанат ағадан маған ұсыныс түсті Ердос осындай бір жақсы ән бар, осыған дуэт жазсақ қалай қарайсын деп?».


Қалай қарайсың деген сұрағына Ердос бірден былай жауап қатты.
«Маған не? Дайын асқа тік қасық. Сосын жақын арада осы Қанат ағамыздың әні «Махаббат машахат» деген. Сол әнге бейнеклип түсіріп үлгердік».


Айтпақшы, аталмыш туындыға Қанаев мүлдем шығындалмаған.
«Мен жақтан ақша кеткен жоқ, шынымды айтайын. Бейнеклиптің де, әннің оранжировкасын да Қанат ағаның өзі шығындалды».


Бұл қалай болғаны Ердос?
«Клип түсірейік деді. Мен келістім. Бұл тегін болғандықтан емес. Қанат аға мына клипке осындай ақша түсіру керек деп айтса, мен қалтамнан ақша шығарып өз үлесімді қосамын ғой».


Алайда, қос әншінің бұл алғашқы жасап жатқан дүниелері емес.
«Менің Ердоспен айтылып жатқан екінші әнім. Бірінші әнді «Достар» деген өлең шығарғанбыз. Мынау биылғысы «Махаббат машахаты». Ол өте жақсы көретін әндерімнің біреуі. Ақтауда жүрген кезде жаңбыр қатты жауған кезде жаздым. Жеңіл, құлаққа жағымды».


Бейнебаянда сіздерді көп қызықтар күтіп тұрған секілді.
«Ол жерде асып бара жатқан фишка жоқ. Бірақ мен Ердостың киімін точно өзгерттім».


Тіпті, мүлдем билемейтін Ердос осы жолы бидің шаңын шығарады.
«Енді биші болып кеткен жоқпын. Бірақ арасында биші қыздармен қосылып, бір-екі іс-қимылдар қостық арасына».


Халық сізді салмақты әнші ретінде қабылдады емес пе? Сыннан қорықпайсыз ба?
«Иә, иә әрине сынға дайынмын».


Сіз дайын болсаңыз, халық сіздердің бейнеклипіңізді көруге дайын. Ендеше, күтеміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар