Өткен бағдарламалардың бірінде Мөлдір Әуелбекова «Арман алдамайды» атты әніне бейнебаян түсіріп жатқандығын айтқан болатынбыз. Ол әзірге дайын болмады. Бірақ, жуырда жарыққа шығады дейді әнші.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

«Бейнебаян жақын арада жарыққа шығуға дайын. Монтажы бітті. Қазір енді өңделетін болады. Қазір өзінің покраска дейді соған жібердік».


Мұнымен Мөлдірдің жаңалығы бітпек емес, әнші тыңдармандарына тағы да бір тосын сый дайындап жатыр.

«Келесі бейнебаян ол да лирикалық ән. «Күнім-ай» деп аталады. Негізгі ән. Әннің тақырыбы, әннің жаңағы өзінің атауы «Күнім-ай» менің ұлыма арналған болатын».


Алайда, онда Әуелбекованың сәбиін көре алмаймыз. Өйткені...

«Қазір фильм түсіріліп жатыр «Югарная поездка» деген. Соның режиссері Ержан Кабдуллин осы әнді бір жерден естіп, ұнатып, осы әнді саундтрек қылып сұрап алды. Өзі сол саундректі түсірді».


Әнші оны да жуырда елдің назарына ұсынбақ. Айтпақшы, жуырда Баян Алагөзованың постына қатысты не айтасыз. Бұл жағдайдың мән-жайын экс продюсеріңізге түсіндіргіңіз келмей ма?

«Мен ешкімге ештеңені түсіндіргім келмейді. Өйткені, бұл тақырыпты бәленбай жылбұрын жауып қойғанмын. Бұл мен үшін жабық кітап. Мен оны өзім ашпаймын да, ашқан жоқпын, ашатын менің ешқандай да ниетім жоқ».


Ашпасаңыз бұл сөз қайдан пайда болды?

«Мен ешкімге... Мен өзіммен-өзім шығармашылығыммен айналысып жүрген адаммын».


Баян ханым да бұлсөзіңізді естіп түсіністікпен қарар деп сенеміз. Айтпақшы, құрметті көрермендер, Әуелбекова продюсерлік ететін Назар тобының «Қазақ елі» атты әнін алғашқылардың бірі болып, тыңдаймын десеңіздер toiduman.kz сайтынан тыңдап, өздеріңізге жүктей аласыздар. Бағасын бере отырыңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар