Жыл басталысымен біраз отандық жұлдыздар нәрестелі болып жатты. Енді міне, олардың қатарын актер, пародист Олжас Сыдықбек толықтыруда. Күні бүгін жары Арайлым актерге шекесі торсықтай ұл сыйлады. Жаңа туған әлдидің салмағы 3кг 700грамм, бойы 54 см болып дүние есігін ашты. Ал, сәбидің аты Байкен. Олжас мырзаның айтуынша қазір ананың да, жаңа туылған нәрестенің де жағдайы жақсы. Естеріңізге сала кетейік, бұл Сыдықбек мырзаның екінші ұлы. Алғашқысы Баймен. Ол 2016-шы жылдың сәуірінде дүниеге келді. Ендеше, жарасымды жұпқа бүлдіршіндеріңіздің бауы берік болсын демекпіз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар