Қазақ қашанда, той десе ішкен асын жерге қоятын халық. Ата-аналар балаларының қуанышын бөлісіп, ағайын-туыстың басын біріктіріп той жасағанды мәртебе санайды. Алайда, статистикалық мәлімет бойынша елімізде дүркіреп өтетін қуаныштың алтауының біреуі несиеге жасалады екен.

Жоғарғы оқу орынын тәмамдап, бүгінде маман болып жүрген Айдын мен Айсәуле жаңа өмірге қадам басып, отбасын құруға бел буыпты.
Айдын мен Айсәуле, ВТБ банкінің клиенттері:
«Біздің үйленуіміз асығыстықпен шешілген мәселе емес - ары ойланып, бері ойланып шештік. Бұның үлкен жауапкершілік екенін түсінеміз, ата-аналарымыз да ерте тұрмысқа шыққан. Бірақ ойланатын, ұйымдастыратын заттары көп, оның барлығына қаражат та аз кетпейді».


Иә, расыменде, үйлену тойына аз қаражат кетпейді. Жарасымды жұп елден қалмайын деген ниетпен және де ата-аналарына күш салмас үшін несие алуды жөн деп тауыпты.
«Үйлену тойын жасауға несие алуды біз ұзақ ойландық, ата аналарымызбен де әрине ақылдастық. Мұндай қаражатты жаңадан жұмысқа тұрып алу қауіпті де шығар, бірақ біз екеуміз жұмыс істейміз, тұрақты жұмысымыз бар сондықтан осындай тәуекелге бардық».


Жаңа өмірге қадам басқалы жатқан жастар бұл мәселенің оңтайлы шешімін тапқан. Сол үшін міне, ВТБ банкіне келді.
«Үйлену тойымызды біз арнайы «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» күніне орай қоямыз деп шештік. Сондықтан қазір біз қызу дайындық үстіндеміз. Бүгін Айдынмен осы ВТБ банкіне несие алу үшін келдік. Бұл банктен біз бірінші рет несие алайын деп жатырмыз».


Бүгінгі нарық заманында түрлі банктер бар. Алайда, Айдын мен Айсәуле солардың барлығын таразылай келе ВТБ банкін таңдаған. Өйткені, ондағы ұсыныстар оңтайлы, әрі тиімді.
«Жалпы бізде ВТБ банкінің карточкасы болатын. Ол карточкаға Айсауле екеуіміздің жалақымыз түседі. Несиені де осы банктен алуға бел будық. 5 млн-ға дейін ақшаны 5 жылдың ішінде төлеп бітіруіміз керек екен. Бізге бұндай ұсыныс ыңғайлы болып тұр».


Құрметті көрермендер, несиеге алынған қаражат тегін келмегенін ескергейсіздер. Оны да тиімді пайдаланған жөн.
«Үйлену тойға дайындалу үлкен жауапкершілік екен. Қазір біз көптеген ұйымдастырушыларға, мейрамханаларға хабарласудамыз. Ең қызықтысы, үйлену көйлегін таба алмай жатырмын. Қыз балаға енді үйлену көйлегі маңызды ғой. Бірақ несиеге алынған ақша болғандықтан, әрине біз үнемдеуге тырысамыз».
Егер Айдын мен Айсәуленің шешімінің дұрыстығына көз жеткізгіңіз келсе мына ақпараттарға құлақ түріңіздер.
«Қазіргі уақытта қолма-қол ақшалай кредит алу үлкен сұранысқа ие. Ондай қаражат көбінесе той-шара ұйымдастыруға, үйдің ремонтын жасауға немесе саяхаттауға арнайы алынады. Біз 5 млн-ға дейін қаражатты 5 жылға бөліп береміз. Ақысыз ішкі телефон нөмеріміз – 5050».


Ендеше, тойларыңыз бітпесін. Ал, қуанышыңызға ортақтасуға ВТБ банкі әрдайым дайын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар