Өткен бағдарламалардың бірінде МузАрттық Сәкен Майғазиевтің жеке кеші туралы айтқан болатынбыз. Ауыз жиып үлгерместен мынадай қуанышты хабар келіп жетті. Күні бүгін әншінің концертіне билеттер толықтай сатылып кетіпті. Сондықтан, Сәкен мырзаның қуанышында шек жоқ. Тіпті ән салып кетті.

Дегенмен, билет ала алмай қалғандар да көп екен. Сол себепті, Майғазиев мырза бір күнде екі бірдей кеш өткізбек. Бірі 19:00-де болса, екіншісі сағат 21:30 жоспарланып отыр. Егер сүйікті әншіңнің концертіне билетті әлі күнге алып үлгермесеңіз кассаға қарай асығыңыздар. Ендеше, 7-ші наурызда өтетін кештен қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар