Индира Елемес осыдан бір жыл бұрын «Тұмарым» атты әнге түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті. Енді жас әнші келесі «Телефон» атты туындысына кірісуде. Gakku Entertainment ұжымымен түсіріліп жатқан су жаңа бейнеклип шынымен де қызыққа толы сияқты.

Иә, әнші жаңа әнінде былайша тіл қатпақ.
«Әнде телефон неге хабарсыз әлде ұялы телефоның кінәлі ма деген сөздер бар. Барлығын айтсам, қызық болмай қалады».


Аталмыш әнге түсіріліп жатқан бейнебаянның сюжеті мүлде басқаша болады.
«Бұл жерде ешқандай махаббат жоқ. Көріп тұрғандарыңыздай, мен бүгін спецагентпін. Жалғыз мен емес. Менің әріптесім Артур Төлепов».


Әріптестік бір бөлек. Дегенмен, еңбек бар емес па? Артур, өз рөлің үшін қанша гонорарға келістіңдер?
Артур Төлепов, актер:
«Қанша гонорарға? Бұл жерде енді рахмет деген гонорар ғой. Рахмет деген».


Иә, тек Артур ғана Индираға көмектесуге келген жоқ. Сонымен қатар, түсірілімге атсалысқандар да табылып жатты. Оларға Елемес алғыс білдіруді де ұмытпады.
«Жаңа ған көлікте түсірілім болды. Өте қызық болды. Мені, басқа агенттер іздеп машинадан таба алмайды. Мен Артурға қоңырау шаламын. Ол көтермейді телефонды. Мен ұайымдаймын не болып қалды Артурға деп. Сондай қызықтар өтті. Осы көліктің иесі, Ринат Тазетдинов мырзаға алғысымды білдіремін».


Ендеше, жуырда туынды жарыққа шығады. Индираның жаңа бейнесімен, Артурдың төбелескенін көргілеріңіз келсе, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар