Қаһаған қыс. Арулар тоңса да тоңбағандай кейіп танытуда. Иә, осылайша Назар тобы алғашқы бейнебаяндарының түсіріліміне кірісіп кетті. Оған төрттік «Анашым» әнін таңдаған. Топтың бұл арманын продюсері Мөлдір Әуелбекова орындауда.
Мөлдір Әуелбекова, продюсер:
«Қыздар өте қуанып жүр. Өйткені 2017 жылдан бастап күтіп жүр қашан болады деп. Міне Аллаға шүкір осы күнге де жеттік. Бұл тақырып өте ауқымды тақырып. Ауыр деп айтсам да болады».


Бірден жас продюсер ауқымды тақырыпты таңдады. Бірақ, оның да өзіндік себебі бар.
«Осы біздің қоғамда болып жатқан мәселелерді әнмен, бейнебаянмен, кішігірім сюжетпен жеткізіп, кішігірім болса да, әр адамның көңіліне бір ой салсақ деген мақсатпен осындай тақырыпқа тоқталдық».


Ал, қыздар, көңіл-күйлеріңіз қалай?
Назар тобы:
«Өте керемет. Осы суыққа қарамастан көңіл-күйіміз тамаша. Осындай көңіл-күймен өзімізді жылытып жүрміз».


Айтпақшы, тура түсірілім алаңында топтың кенжесі туған күнін тойлады.
«Бүгін біздің кенжеміз Әнеляның туған күні. Әнелек, сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта саған үлкен творчестволық табыстар тілейміз. Туған күніңмен».


Айтпақшы, бейнебаянның түсіріліміне Назар енді кіріссе де, жұмысты баяғыда бастап кетті. Тіпті, тойларда ән шырқап жүр екен.
«Дайын болған соң, бірден көрерменге ұсынуға тырысатын боламыз. Өйткені қыздар жұмысты бастап кетті. Концерттерге қатысып жүр, тойларға қатысып жүр. Сол себепті біз тұсаукесерсіз шығардық. Өйткені ұсыныстар көбейді».


Айта кетейік, Мөлдір бірден 3 бейнебаянды жоспарлап қойған. Алайда, Назар тобының тұсаукесер туындысы әлі де құпия. Оны көп ұзамай біле жатармыз. Сондықтан, назарларыңыз Назарда болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар