Қазіргі таңда әншілердің жеке кәсіптері жоқ емес. Әрине, көбісі өнер мектебін ашуға бел буады. Ал, ең алғашқылары болып мектеп студиясын ашқан Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина бүгінде еңбектерінің жемісін көріп отыр.
Қыдырәлі Болманов, продюсер:
«Ең тұңғыш ашылған жеке мектеп. Одан өскен шәкірттеріміздің алды тұрмысқа шығып, қазір былайша айтқанда немерелі болып жатырмыз. Соның барлығына адам қуанады. Шәкіртсіз ұстаз тұл дейді. Сондықтан, бүгінгі таңда 300 ге жуық шәкірттері бар Қарақаттың».


300-ге жуық шәкірттерінің басын қосып, Қарақат ханым 10 жылдық есеп беру кешін өткізбек.
Қарақат Әбілдина, әнші:
«Биыл 2018 жылы «Қарақат мектеп студиясына» 10 жыл. Сол 10 жылдығымызды үлкен есеп беру концертімен тойлатып өткізуді жоспарлап отырмыз алдағы көктемде. Біз көрерменімізді бір керемет кешпен қуантамыз деген ниетпен дайындықты бастадық».


Қарақат ханым сонымен қатар тұсаукесер тойларында сұранысқа ие әнші. Тіпті, Әбілдина ханым өз өнер мектеп студиясында өте жиі балалардың тұсауын кесіп тұратын. Алайда, әнші тұсаукесер салт-дәстүрі қазақ үшін өте маңызды болғандықтан, оған жауапкершілікпен қарау керектігін алға тартты. Сондықтан арнайы орталық ашты.
«Мен жалпы осы қазақтың балаларының тұсауын кесем деп мен еш уақытта ол туралы ойланбаптым. Бұл да халықтың тілегі. Осындай «Қарақат event » орталығының ашылуына да бір ықпал болып отырған осы бір үлкен ниеттен туындап отыр».


Айта кетейік, әнші бірінші рет бірден 25 бүлдіршіннің тұсауын кесіп, үлкен той жасады. Әрине, бірден 25 баланың әрі ата-атасының көңілін табу өте қиын. Сондықтан, бүгінде ол сан қысқартылды.
«Шын мәнінде ол өте қиын екен. Бала болғаннан жылайды екен, содан ата—анасы келеді, қазақпыз ғой, қызық көргісі келеді. Барлық адамдарға көңіл бөлу үшін 15 баладан аспаса деп тілек білдірдім».


Айтпақшы, әншінің жаңа киім үлгісін байқадыңыздар ма? Енді Қарақат ханым тек осындай ұзын әдемі көйлектер киетін болады.
«Уақыт өтегеле адамның көзқарасы да өзгере бастайды. Бұрынғыдай ашық-шашық киінетін Қарақатты көрмейсіздер. Енді жабық, етек-жені ұзын, осындай сән киім үлгісіне көшіп жатқан жәйім бар. Ең бастысы ол өзіме ұнайды және солай дұрыс деп ойлаймын».


Ендеше, басқаларға да үлгі болады деп ойлаймыз. Айтпақшы, баланың тұсауын кесу үшін Қарақат ханым 50 мың теңге алады дейді білетіндер.
Ата-бабамыздан келе жатқан тұсау кесер тойын өз туысқандарымен емес, бейтаныс көпшілікпен бірге өткізіп, оған осындай қаражатты жұмсаған дұрыс па? Біз салт-дәстүрімізді былайша жоғалтып алмаймыз ба? Бұл сұрақтардың жауабын халық бере жатар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар