Сүйінші! Ғаділбек Жаңай әке атанды. Әншінің жары Ақмаржан оған сүйкімді қыз сыйлады. Бұл Ғаділбектің отбасындағы үшінші қуаныш. Тұңғыш қызы 2013 жылы дүние есігін ашса, тура бір жылдан кейін бақытты отбасы ұлды болды. Айта кетейік, еліміздің «Қапқарашкасы» Нұржан Керменбаев та екінші рет ұлды болды. Иә, иә бір 20 жылдан кейін екі әнші құда болып жатса таңқалмаймыз. Ендеше, екі өнерпазды да Той Думан арнасы құттықтайды.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар