Шоу-бизнеске жаңа топ қосылды. Екі сері жігіттен тұратын «Сейхун» тобы біріншіден атауларымен есте қалады. Сондықтан, біз бірден бұның сырын ашуға тырыстық.
Сейхун тобы:
«Біз «Сейхун» деп көп ағаларымызбен ақылдасып қойған болатынбыз. Ұстазымыз Өмірқұл Айниязовпен ақылдасып қойған болатынбыз. Өзіміз қызылордалық, Сырдың бойында өскеннен кейін, Қызылорданың ескі атауы, тарихи есімі «Сейхун» болғаннан кейін, «Сейхун» деп қойдық».


Атауларын қойшы, дуэт тіпті тырнақалды туындысын туған жеріне арнапты.
«Бірінші бейнебаянымыз осы «Ақұдайлармен» басталып жатыр. Өзіміз Сырдыкі болғаннан кейін, бізде мына Арал, Қазалы жақта еркелетіп, өздері ақұдайлар деп атап жатады. Сол себепті сол әнмен бастадық».


Айтпақшы, екеуіде эстрадада өзіндік орны бар Өмірқұл Айниязовтың шәкірттері. Сондықтан, Өмірқұл мырзада алғашқы жұмыстарына қатысқан.
«Бейнебаянда Алматыдан басталады. Өзіміздің ұстазымыз Өмірқұл Айниязовтан. Ол жерде енді домбыра сиқырлы сияқты болып көрсетіледі да. Домбыраны алып біз таудан ұшып кетеміз да, өзіміздің Сырдың топырағына барып қонамыз».


Айниязов мырза тек ағалық көмегін көрсетіп қана қөймай, тәй-тәй басып келе жатқан топқа қаржы жағынан да қолұшын созды.
«Аға болып, ағалық көмегін көрсетіп жатыр. Өзі үлкен сахнада жүргеннен кейін енді біледі ғой өнердің жолы қалай екені. Біз жас болғаннан кейін інілерім деп клипке де көмектесіп жатыр, үлкен сахналарында да ертіп жүр».


Қазақи әннен бастаған «Сейхун» алдағы уақытта басқа бағыттарда да ән салмақ.
«Біз жақында «Гүлдәрия» деген ән жазған болатынбыз. Халыққа да ұнап жатыр.Сол әнге бейнебаян түсірсек деп жатырмыз».


Иә, иә жуырда топ мына әнге бейнебаян түсірмек.

Жарайсыздар, жігіттер. Ендеше, қадамдарыңыз құтты болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар