Жуырда әзіл сүйер қауым үшін Наурыз мерекесіне орай той өткізіледі. Дәл Республика сарайында «Өнер қырандары» «Наурыз көше» атты той жасамақ. Неге той десеңіздер? Ежелден біздің халық Ұлыстың Ұлы күнін дүбірлетіп тойлаған. Кеш 16 наурызда, Алматы қаласында өтеді. Айта кетейік, аталмыш шараның басты мақсаты- қазақы салтты жаңғыртып, ұлттық мүддені асқақтату. Сонымен қатар, кешке Нұрлан Албан, Жанар Айжанова, Төреғали Төреәлі, Серік Ибрагимов, Қуандық Рахым және тағы басқа әншілер қатысады. Әрине, қандай қазақтың мерекесі айтыссыз өткен? Сондықтан да, аталмыш күні Дидар Қамиев пен Мұхтар Ниязов та өнерлерін паш етпек. Ендеше, қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар