Сәкен Майғазиевтің кешіне небәрі 2 апта қалды. Алматы қаласында тұңғыш рет кеш ұйымдастырып жатқан Сәкен мырза рекорд жаңартты. Өйткені, билеттер сатылымға жуырда ғана шықса да, 80 пайызы қазірдің өзінде жоқ.
Сәкен Майғазиев, әнші:
«5 күннің ішінде билеттердің өтіп кетуі қуантарлық жағдай. Бірақ енді тағы айтамын. Мен өз басым ойлағанмын 1 ақ концертпен шектелемін деп. Бірақ, халықтың талабы, тілегі».


Концерт бір күнде екі рет өткізілмек. Әншінің айтуынша, аға-буын өкілдері 19:00, ал жастар 21:30-да келе берсе болады.
«Неге десеңіздер, жұрттар 21:30-да әжем ұйқтайды деп жатыр. Әжелеріңізге 7-де келе берсе болады. Өздеріңіз кейбір тойларымыз 9-да басталып жатыр ғой, біреулер түнгі клубқа, караокеге 11 де шығып жатады. Онда тұрған ештене жоқ деп өз басым ойлаймын».


Айтпақшы, Майғазиев мырза кешіне орай жарнамалық видео түсіріп, жұртты қазірдің өзінде таңқалдырды.
«Андрей Хванның идеясы болатын. Мен бірнеше рет бас тарттым жоқ, қой мен ондай билеу деген деп. Бірақ, 43 келгенде қылық шығарып жатырмын. Бірақ, енді өзіме ұнамағанда мен сызып тастар едім оны. Өзіме былайша айтқанда жақсы дүние болған сияқты».


Видеода көрген би міндертті түрде концертте де болады. Сондықтан, ешқашан билемеген МузАрттың серісін сөкпеңіздер.
«Ешкім сөге қоймайды деп ойлаймын. Менің пікірім адамның көзі де, құлағы да тою керек. Шоу болмаса да, көз тоятындай декорация, жақсы спецэффекттер қолданылады».


Ендеше, дайындықтың қалай өтіп жатқанын білейік.

Алдынғы жаңалықтарда әнші конкурс жариялап жатқанын айтқан болатынбыз. Сәкен мырза «Сен едің» әнін біге орындайтын аруға іздеу салды. Ал, қалай болып жатыр байқау?
«Конкурс қырғын болып жатыр».


Байқау 1 аптаға ғана жарияланса да, әнші-арулар әлі де видео жіберуде.
«Музыкалық продюсерім таңдау жасайды. Ол айтады Сәкенмен дуэт хэштэгі арқылы 600 адам келсе, маған 1500-2000 жуық адам келді деп. Менің телефоным өртеніп кете жаздады уатсаптан».


Қазіргі таңда 2000 мың адамнан шығармашылық топ үздік 20 әншіні таңдап қойыпты. Ал, кімнің бағы жанғанын сіздер тек концертте көре аласыздар. Сондықтан, кассаға қарай асығыңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар