Аты шулы Төреғали Төреәлі тілшілер мен халықтың назарынан шаршады ма, әйтеуір «Шаруам жоқ» атты бейнебаянының тұсауын арнамыздан кесті.

Иә, видео осылай басталады. Шынымен де, ерке бала талай ыңғайысыз жағдайларға тап болып, даулардың астында қалды. Бір кездері ол тіпті тілшілерге сұхбат беруден бас тартты. Алайда, жуырда БАҚ өкілдерін шақырып, дүркіретіп үйлену тойын жасады. Шығармашылығына білек сыбана кіріскен әнші гастрольдік сапарда ерке қылығын көрсетіп, қайтадан халықтың ызасын келтірді. Бірақ, бұл жолы әнші бейнебаянымен «қол –аяғымның қожайынымын, басқада менің не шаруам бар» деп жауап қайтарды. Аталмыш туындыны Youtube-тегі Той Думан каналында 18 сағаттың ішінде 65 мыңнан адам қарап үлгерді. Иә, көрермендердің пікірі екіге бөлінді. Біреуілер әншіні қолдаса, өзгелері мынадай комментарийлар қалдыруда. Айтпақшы, жуырда Төреғали инстаграм парақшасы арқылы өзінің өзгеретінін жазды. Мүмкін әнші өзгеріп те қалар. Оны әрине уақыттың еншісіне қоямыз. Құрметті әріптестер, ендеше Төрешке дұрыс таңдау жасауға мұрша берейік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар