Жуырда Alem-band тобының «Қалауым» атты бейнебаяны халыққа ұсынылып, біраз жанның көңілінен шыққан еді. Енді міне, топ продюсері Алмас Бекіш екінші жобасына кірісуде.
Алмас Бекіш пен Айбек Серіханов, продюсер мен әнші:
«Таныс болыңыздар. Бұл менің жаңа жобам Айбек Серікханов. Бүгін ең алғашқы бейнебаянын түсіріп жатырмыз».


Таныдыңыздар ма? Бұл инстаграм желісінде өте танымал жас әнші. Алайда, Айбек алдағы уақытта продюсермен жұмыс істеймін деп ойламапты да.
Айбек Серікханов, әнші:
«Бала кезімнен армандадым ғой. Бірақ продюсермен жұмыс істеймін деп ойлаған жоқпын. Өзім жеке жұмыс істеймін деп ойладым да, содан кейін қиындау болды. Продюсермен жұмыс істеген дұрыс деп шештім».


Жас әншінің арманын орындаған мына жас продюсер.
Алмас Бекіш, продюсер:
«Айбекті негізі инстаграм арқылы білеміз. Кавер версияларды айтып жүретін бала. Содан өзі хабарласып, сізбен жұмыс істесем болады ма деп келді. Көп ойланбай мен де жұмыс істеуге шештім. Бірақ енді негізі екі жобаны алып жүру қиындау екен. Өйткені өзім де енді бастап келе жатқан жас продюсер болғандықтан».


Иә, екі кеменің басын ұстап батып кетіп жүрмеңіз. Айтпақшы, Алмас мырза қалай қызығушылықты арттыруды біледі.
«Өздеріңіз білесіздер Алем бэнд Байзакованы түсіріп, хайп жинап алды».


Ал, бұл жолы Байзакованың орнында басқа ару.
«Актрисаға келетін болсақ, ол белгілі бір жобанын қатысушысы Сұлуфан. Жап-жас, әдемі қыз».


Айтпақшы, продюсер мен жас әнші 5 жылға келісім шартқа отырыпты. Жо-жоқ, уайымдамаңыздар. Айбекке үйленуге болады. Тіпті, басы да бос.
«Маған болады. Күйеуге шығуға емес. Үйленуге болады маған».


Айбек Серікханов су жаңа «Қиялдағы ару қыз» атты әнге бейнебаян түсірді. Жуырда ол жарыққа шығады. Сондықтан, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар