Жуырда ғана продюсерлердің қатарына кірген Мөлдір Әуелбекова қайтадан іріктеу жариялады. Жо-жоқ, «Назар» тобына емес. Кезінде «Құлпынай» әнімен көпшіліктің жүрегін жаулаған «Гаухартасқа».
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
«Қазіргі таңда мен жаңадан іріктеу жарияладым. Бұл біздің «Назар» тобына емес. «Назар» тобының алдында мен «Гаухартас» тобы және Индира Елемеске музыкалық продюсер болдым. Кейін жеке өміріме байланысты кішкене қалып қойған болатын. Қазір қайтадан сол «Гаухартас» тобын қолға алып жатырмын».


Топтағы арулар түгел өзгертілмек. Ал, жаңа құрамға қойылатын талаптар мынадай.
«Талап сол барлығы ең бірінші дауысы, одан кейін тәртіп, биге икемі, сахнаға әдемі сұлу бойжеткендер болса тамаша болар еді».


Арулар, осы талаптарға сай болсаңыздар, құлақтарыңызды түре отырыңыздар.
«Құрметті сұлу талантты қыздар, мен тағы да іріктеу жариялап жатырмын. Іріктеу 4 наурыз күні, біздің кеңседе өтеді. Барлық іріктеуге байланысты ақпарат менің инстаграм парақшамда бор. Қарап көріңіздер, келіңіздер. Мен сіздерді күтемін».


Айтпақшы, мұнымен Мөлдір тоқтамайды. Жуырда жас продюсер тағы бір жобаны қолға алмақ. Алайда, бүгінде оны әнші құпияда қалдырғанды жөн көрді.
«Жеке әншіні жуырда таныстырамын. Біраз уақыт беріңіздер. Толықтай барлығымен келісіп болғаннан кейін жариялайтын боламын».


Иә, дектерттік демалыстан кейін Әуелбекова жұмысқа бірден кірісіп кетті. Өзінің шығармашылығымен қоса ол 3 жобаға көңіл бөліп жүр. Ендеше, сәттілік серік болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар