Өткен бағдарламалардың бірінде Серік Ибрагимов 26-шы қаңтардан бастап еліміздің шығыс өңіріне гастрольдік сапармен аттанғалы жатқанын айтқан болатынбыз. Күні бүгін мынадай жағымсыз хабар келіп жетті. Әнші өзінің инстаграм парақшасында ол кештердің болмайтынын жариялады.

Мұның мән-жайын білу үшін Серіктің өзіне хабарласқан болатынбыз. Сөйтсек, ұйымдастырушылардың қателіктеріне байланысты аталмыш өңірге барудан бас тартыпты. Құрметті көрермендер, егер Ибрагимовтың концертіне билет алып қойсаңыздар, кассадан қайтарып алуларыңызға болады. Бірақ, уайымдамаңыздар. Сүйікті әншілеріңіз алдағы уақытта қайта барады. Сондықтан, түсіністік танытыңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар