Жылдың басында Баян Алагөзова «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» телехикасын түсірген болатын. Алайда, оны ел назарына ұсынғаны сол еді, барлығы продюсерге қарсылықтарын білдіріп жатты. Соның ішінде Меруерт Түсіпбаева да бар. Ол өзінің инстаграмына пост жариялап, ойын білдірді. Алайда, Алагөзова ханым отандық арналардың бірінде оның арнайы тапсырыспен жасалғанын, және де фильмге Меруерт ханымды алмай қойғандықтан болып жатқанын алға тартты. Мұнымен дау бітті ма десек, олай болмады. Өйткені, күні бүгін Түсіпбаева ханым мынадай постты инстаграмына жүктеді. Онда мұндай жұмыс үшін өзге елде сотталатынын, әрі ел алдында кешірім сұрататынын жазды. Сөз соңында телехикаяға кеткен 54 млн-ды қайтаруын талап етті. Егер қаласа ол туындыны өзі түсіретінін де айтты. Осылайша, дау жалғасын тапты. Айтпақшы, Меруерт ханым алғашқы постын біраз уақыттан соң өшіріп тастаған еді. Бұл жолы қалай болар екен, ә?

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар