Жаңа жыл бастала салып, Ғаділбек Жаңай да шығармашылығына кірісті. Әнші гастрольдік сапарға шығып, барған жерлерге көңілі толып келді.
Ғаділбек Жаңай, әнші:
«Біз барған жердегі көңіл қуантарлық. Қаратөбе деген ауданда болдық, Жымпитыда болдық. Енді сөз жоқ, тіпті бүкіл жағдай қарастырылған. Жылы, жарық, дыбыстары, барлығы мықты».


Барған жерлердің үлкендері Жаңайға аманаттарын тапсырыпты.
«Құрметті әнші ағайындар, әртіс бауырлар, бір апаларымыз айтып жатыр неге келіп, елге концерт қоймайды деп айтып жатыр. Сол аманатын алып келдім. Елге, аудандық жерлерге сіздерді күтуде халық. Барыңыздар, концерт беріңіздер халықтың батасын алыңыздар деп».


Кештің атауы Ғаділбектің жаңа әні «Керек екенсің». Алайда, дәл осы туындыны әнші бір кешінде айтпапты.
«Керек екенсің» деп қойдық қой концерттің атын. Бірінші күні Подстепный деген жерге концерт қойдық. Сол әнді ұмытып кеткенмін ғой айтуды. Келесі күні жазып жатыр ғой аға концерттің аты «Керек екенсің», барлығын айттыңыз да, неғып соны айтпадыңыз. Сол кезде есіме түседі ғой».


Байқаған болсаңыздар, Ғаділбек қазіргі таңда киім үлгісін өзгерткен секілді. Оның өзіндік себебі бар.
«Ғаділбек ағам юбка киіп алған ба? Білесіз ғой сайттар бар. Күліп жатырмын ғой, жалпы ұзын дүние жақсы да. Ер адам болсақ та, әуретті жеріңді бір көрсетіп қалмасын, ішің ашылып қалмасын деген ойменен ғой осының барлығы».


Иә, дұрыс Ғаділбек. Айтпақшы, әншінің айтуынша қолы бос кезде, ол міндетті түрде басқа да ауыл-аймақтарды концерттік бағдарламамен аралайды. Сондықтан, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар