Кезінде әншілер бейнебаянсыз да танымал болса, бүгінде ол мүмкін емес. Бұны түсінетін жұлдыздар, кем дегенде жылына 1 туындының тұсауын кесіп тұрады. Әрине Youtube-те жинаған қаралым әншілер үшін өте маңызды. Алдыңғы жаңалықтарда миллионерлер Меломен тобы мен Жолдасбек Әбдіханов атанды.

Сенесіздер ме бұл жолы да миллионер атанған сол Жолдасбек. Оның «Бұл махаббатқа таңқалам» атты бейнеклипін Той Думанның Youtube каналында миллионнан аса көрермен тамашалапты.

Ал, видеоның астында көбісі тура осындай оқиғаға тап болғанын айтып, ағынан жарылып жатыр. Айта кетейік, бейнебаянның сюжеті махаббатқа толы. Мүмкін, аталмыш туынды сіздің де өміріңізде болған жағдайды еске түсірер? Оны бейнеклипті тамашалағаннан кейін ғана біле аласыздар. Ал, Жолдасбек, құттықтаймыз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар