МузАрт Life тобы
«Жақында ғана, міне көп болған жоқ. «Достарым» атты су жаңа әнімізге бейнебаян түсірдік».


Арнамызға ат басын бұрған МузАрт лайфтың жігіттері қолдарына микрафон тие салысымен осылай қуаныштарымен бөлісті. Ал, көп созбай бейнебаянның сюжетіне тоқталайық.
«Бейнеклиптің мағынасы сол кісінің өмірбаяны туралы, достарымен қалай өскені, қалай осылай белгілі азамат болғаны... Сол жайлы болғандықтан құпия болып қалсын әзірге. Оны алдағы уақытта біле жатарсыздар. Бірақ, клип негізі керемет түсіп жатыр».


Құпия жан расыменде кім болды екен? Ай, жарайды, оны уақыты келгенде білерміз. Дегенмен, кімнің болмасын өмірін баяндаса да әрқайсысы өздерінің достарын еріксізге еске түсіреді.
«Осы төртеуміздің де достығымызды сол жерден де көруге-ақ болады. Әрине мүмкін барлығымыздың да басымыздан өткен шығар ондай, жағыдай кезеңдер».


Жігіттер жақсылап мақтап алдыңдар. Қашан көре аламыз?
«Бұйыртса жақын арада сіздер куәсы боласыздар. Енді шынымды айтсам, өзіме қатты ұнады негізі.
- Маған да ұнады».


Мақтаныштарың осымен бітті ме? Әлде тағы да бар ма?
«Мен мақтанайын деп едім, қазір, негізі Азизбен. Азиздің қазір 1 емес, 2-3 әні жарық көріп жатыр. Қазір әншілер орындап жүр. Композиторлық қырынан да танылып жатыр».


МузАрт Лайфтық жігіттер алда тыңдармандарын жаңа әндерімен ғана емес, жаңа бейнебаяндарымен де қуантпақ.
«Әндерімізді жазып қойдық. Бірақ, енді қай әнге түсіреміз деп ойланып, ақылдасып жатырмыз. Төртінші бейнебаянға».


Алайда, оның нақты қай уақытта таспаланатыны әзірге белгісіз. Уақыты келгенде арнамызға бірінші хабарлайтын болады. Сондықтан, Той Думан арнасы қосулы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар