Өткен жылы белгілі композитор, әрі әнші Лұқпан Жолдасов Астанада шығармашылық кешін өткізген болатын. Сол кезде әнші елордамыздан біраз шабыт алса керек. Өйткені, наурыз айының 14-нен бастап, 21-не дейін еліміздің батыс өңіріне гастрольдік сапармен аттанғалы жатыр. Нақтырақ айтсақ, Жаңөзен, Ақтау, Атырау, Құлсары, Ақтөбе қалаларына. Концерт «Жаса, Астана» деп аталады. Кеш қонақтары Фариза Жолдасова мен Самал тобы. Құрметті батыстықтар, егер Лұқпан мырза сіздің өңіріңізге бара қалса, концерттен қапы қалмаңыздар. Себебі, өте қызық болады.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар