Асхат Тарғын жуырда досы әрі әріптесі Абай Бегеймен қосылып, Батыс Қазақстан облысын гастрольдік сапармен аралап келді.
Асхат Тарғын, әнші:
«Абай Бегей екеумізді қосып шақырды. Барлық алыс-алыс аудандарға бардық. Жеті күннің ішінде 14 концерт бердік. Күніне 2 концерттен. Соңғы концертті Орал қаласының өзінде болды».


Әрине, ауыл-аймақтарға барып концерт қойған әншілер одан қаржылық пайда аса таба қоймайды. Алайда, халықтың батасы кез келген соммадан да артық.
«Өте керемет, жақсы әсер алдық. Өйткені алыс-алыс ауылдарға көп әншілер бармайды екен. Тіпті, әншілер бармаған ауылдар бар екен. Сол жаққа барып, қуанып жатыр халық. Халықтың батасын алдық. Аналарымыз, әкелеріміз сахна шығып бізге батасын беріп жатты. Ол біз үшін үлкен мәртебе, жетістік».


Жуырда Асхат мырза гастрольдік сапарын жалғастырмақ. Бұл жолы әнші Шығыс Қазақстанға жол тартады.
«Енді алдыда үлкен мерекелер келе жатыр. Сол наурыздан кейін шықсақ па деп ниеттеніп отырмыз әзірге. Бірақ бұл план іске асады ма, жоқ па оны бір Құдай біледі. Бірақ дайындық үстіндеміз».


Көктем айы басталысымен, әнші көп жоспарлар құруда. Оның біреуі-бейнебаянның түсірілімі.
«Енді оны жаз шыға түсіреміз. Жер аяғы кеңіп, адамдардың қолы босағанда бейнебаян түсіремін деген ойда жүрмін. Әндер жазылып жатыр, бірақ қай әнге екенін әзірге белгісіз болып тұр».


Ал, қазіргі таңда әншілік пен қоса Тарғын мырза актерлық қырынан да өзін көріп жүр.
«Мен мықты актермын деп айта алмаймын. Енді ұсыныс тастады. Шімән апаның бір сериалы жүріп жатыр екен. Сол Шімән апаының кенже ұлы болып рөл сомдап жатырмыз».


Ендеше, Асхат Тарғынға сәттілік тілейік. Алдыға қойған жоспарларыңыз іске ассын!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар