Баяу әндерімен халықтың жүрегінен орын алған Асан Пердешов бұл жолы ырғақты «Балжан-ай» әнге бейнебаян түсірді. Ең қызығы, аталмыш ән «Мафия мен Тақия» театрының актеры Бауыржан Бакировтың өмірінен алынған екен.
Асан Пердешов, әнші:
«Бейнебаян жалпы өмірден алынған. Бауыржан деген інімнің жүріп жүрген қызы Балжанға шыққан. Сосын оны алғашында екеуміз бірге орындадық. Бейнебаян түсіретін кезде мен өзім жеке орындап әнші болғаннан кейін, осылай шығардық. Бейнебаянда әрине Бауыржан ойнады. Қазір келіншегі Балжан. Келіншегін ойнатамыз деген кезде, денсаулығына байланысты түскен жоқ ол».


Ал, жуырда әнші тағы бір өмірден алынған оқиғаны бейнебаянмен жеткізбек.
«Ол екі жастың арасындағы махаббат оқиғасы өздерінің. Семья жағдайы бар, көп кедергі болады махаббат болғаннан кейін. Бірақ сонда да екеуі бір-бірін қатты жақсы көріп, сондай бір оқиғаны білемін. Сол жайында қысқаметражды кино ма, сондай түсіреміз».


Иә, иә Асан бейнеклиптен құралған телехикая түсірейін деп жатыр.
«Үш әнге бірден бейнеклип түсіреміз. Бірінші ән болады. Одағы сценарий көрген кезде өзіңіз бір ой аласыз. Екінші оның жалғасы болып келеді. Бірақ ол да өз ойымен. Осылай үшеу түсіріледі».


Сондықтан, әнші кастинг жариялауда.
«Сол оқиғаны сомдап шығатын ару қыз, жігіт керек. Соны түсіреміз деген жоспар бар».


Айтпақшы, тура осындай ойды небәрі бір ай бұрын Әбдіжаппар да айтқан болатын. Екі әнші келісіп алды ма екен?
«Әбдіжаппарға мен айтқанмын ғой бір ай бұрын. Ойнап айтамын. Қазір әншілердің санасында осы идея жүрген шығар. Білмеймін мүмкін бірдей келіп қалған шығар екеуміздің ой-санамыз».


Жарайды, Асан сізге сендік. Айта кетейік, аталмыш туындылардың түсірілімі жазға жоспарланған. Сондықтан, күтңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар