Жуырда біз Айкерім Қалаубаеваның инстаграм парақшасында өзіндік стилі бар Серікбол Сайлаубекпен бір әнді орындап, тойға келген қонақтарды билетіп жүргенін байқап қалдық. Сөйтсек, қос әнші су жаңа дуэттік әнді орындап жүр екен.
Серікбол Сайлаубек, әнші:
«Жуырда Айкерім Қалаубаева әріптесіміз екеумізде жаңа ән шықты «Айка мен Сека» деп аталады. Сол жақын арада біз бейнебаян түсіргелі жатырмыз».


Тойшыл қауымның көңілінен шыққан ән ғаламторға әлі жүктелмеген. Бірақ, аталмыш туындыға сұраныстар қазірдің өзінде көбеюде.
«Инстаграмда жазып жатыр қай сайттан алуға болады, тыңдауға болады деп. Біз ешқандай сайтқа берген жоқпыз. Ғаламторға салған жоқпыз. Өйткені бейнебаянмен қызық болады».


Су жаңа әннің аты да, өзі де жеңіл. Бірақ, дуэтті сөгуге асықпаңыздар.
«Егер қолыннан келсе неге жасамасқа? Бұл өнер. Менің ойымша, өнерде қатты анадай жоқ шығар мынау дұрыс, мынау дұрыс емес. Мен ешкімді жамандап жатқан жоқпын әнде. Бұл жерде жәй қалжын ән».


Ер адам мен әйел адамның ортасында достық болмайды дегенді сіздер де естіген шығарсыздар? Алайда, бұл сөздердің Серікбол мырза мен Айкерім ханымға қатысы жоқ.
«Жанұялық доспыз. Басында келіншегіме айтты, сосын келіншегім маған айтты. Басында көргенде енді мынау ыңғайсыз ғой қалай деп енді? Келіншегім екеуі подружка болғаннан кейін, қызық болады дегеннен кейін жарайды дедім енді көңілдеріне қарап қыздардың».


Айтпақшы, әнші жуырда шығармашылық кешін өткізбек.
«Биылғы жылға жоспар өте үлкен. Ниеттеніп жатырмыз күзге таман бір жеке концертімізді берсек Республика сарайында. Өйткені беретіндей уақыт келіп қалған сияқты».


Қазірден бастап дайындыққа кірісіп жатса да, Серікбол мырза қобалжып жүр.
«Мына жалпы Республика сарайында ән айтқан кезде қатты қобалжимын. Өйткені ол жердің бір мысы бар. Әйтпесе Республика сарайында концерт беремін деп халықтың алдында поноваться етіп тұрмыз ғой. Қорқыныш бар. Дайынмын ба мен оған, дайын емеспін бе?».


Әрине, оны тек концерттің барысында біле аламыз. Ал,кештің алдында Сайлаубек мырза гастрольдік сапарға шығуды жоспарлауда. Сондықтан, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар