Күні кеше біз Салтанат Бақаеванының ұлды болғанын айтып, құттықтаған болатынбыз. Бұл жолы кім балалы болды екен? Иә, шыныменде 2018 жыл қазақ демографиясы үшін берекелі басталды. Ал, бүгін біз Қайрат Әділгерейді құттықтаймыз. Оның жары Бақыт Тұрман әншіге сүп-сүйкімді қызды сыйлады. Сәбидің есімін Айнамкөз деп қойыпты. Айта кетейік, қазіргі таңда Қайрат мырза іс-сапарда. Сондықтан, жаңа туған қызын перзентханадан қарсы ала алмады. Алайда, барлығы әлі алда. Айтпақшы, Қайрат мырза мен Бақыт ханымның бір ұлы мен қызы бар. Ендеше, Той Думан арнасы қызыңыздың бауы берік болсын дейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар