Ауылына барып бір оқпен екі қоянды атып, туған жерінде демалып, бірден бейнебаян түсірген Серік Ибрагимов енді аруларға ән арнамақ.
Серік Ибрагимов пен Ерболат Қарақойшы, әнші мен сазгер:
«Жақында екі жаңа ән шығады. Біреуі «Қысқа кимеші қарындас», екіншісі қазақ қыздарына арналған жаңа ән. Ол әндердің авторы қасымда тұрған бауырымыз Ерболат Қарақойшы. Әнді де сөзді де өзі жазған. Бұйыртса күтіңіздер».


Серіктің репертуарындағы бірнеше әндерді Ерболат жазыпты. Тіпті, көбісін әншіге сыйға тартқан.
«Ерболатпен шығармашылық байланыс сол 2015 жылдан бастап келе жатыр. Ерболаттың бір жақсы қасиеті маған әндерін тегін береді. Негізі әндері қомақы ақша тұрады».


Бірақ жас сазгер-ақын туындыларын барлығына сыйламайды.
«Көп әншілерге, мысалы Дильхан Исаевпен біздер арнайы жұмыс жасаймыз. Ол кісі тапсырыс береді әнге. Мысалы қазақтың қызы жайлы керек, әзіл өлең керек деп. Мысалы ол кісінің білсем 4-5 баласы бар. Сол балаларына арнайы қызық өлең қарап бер деп. Сондықтан арада сондай тапсырыс болғаннан кейін оған ақысын аламыз».


Қазіргі таңда Ерболаттың әндерін көп әншілер орындайды. Олардың қатарында осыларда бар.
«Қазіргі кезде менің әндерімді орындайтын әншілердің қатарында Жігер Ауыпбаев «Өзінше қыз», Қуандық Рахымның «Қалайда» әні бар. Сосын Серіктің «Бар-бар» әні бар».


Ендеше, екі өнерпазға да Той Думан арнасы шығармашылық табыс тілейді. Сапалы әндеріңіз көп болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар