Осыдан бір ай бұрын «Ағайындылар» тобы «Кел-кел» атты әнге бейнебаян түсіріп жатқанын айтқан болатынбыз. Алайда, туынды әлі де таспалануда.
Ағайындылар тобы:
«Шығармашылық дайындық үстіндеміз. Бейнебаян түсірдік. Сол бейнебаян кішкене қиындық туғызып, сәл дайындалып жатырмыз».


Әрине, оңай дүние жоқ. Оны жігіттердің өзі де біледі.
«Басы қатты, аяғы тәтті деп жүрген жайымыз бар. Шығармашылықта сәл-сәл қиындықтар болады. Қаражат жағы болады, анау болды, мынау болады деген сияқты кішігірім қиындықтар. Анадай үлкен емес».


Ұзын құлақтан естуімізше, топтың серілері үйленгелі жатыр екен. Жігіттер, бұл қаншалықты рас?
«Қайссымыздың түріміз үйленгенге ұқсайды. Табыңыздаршы? Дауысы гүрілдеп тұрған бала үйленгенге ұқсайма? Меніңше ұқсамайтын сияқты. Кім жауап береді?».


Мхм, «Ағайындылар» сырларын ашқысы келмей тұрған сияқты. Мүмкін, топтағы Еркебұлан жауап берер?
«Барлығымыз жақында үйленейік деп жатырмыз. Биылдан қалмау керек».


Жарайды, түсіндік. Әйтеуір, Қайрат пен Төреғалидің ізін жалғастырмасаңыздар болды.
«Жақын арада арамызда біреу үйленіп, шаңырақ көтеріп жатса, міндетті түрде айтамыз, жария етеміз үйлендік деп. Сол».


Сөздеріңізде тұрасыздар деп ойлаймыз. Ендеше, тойда кездескенше.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар