Күні кеше біз Дильхан Исаев пен Анара Батырханды бірге сауда кешенін аралап жүргенін байқап алдық. Олар бірге не істеп жүр екен?
Дильхан Исаев пен Анара Батырхан, жаңа дуэт:
«Қыдырып, маған Дильхан киім алып жүр. Тегін, прикиньте».


Сонда, араларыңызда не бар?
«Арамызда сезім. Анара екеуміздің арамызда үлкен сезім бар».


Дильхан, ол қандай сезім?:
«Әйеліңіз тыңдаса мені? Ол достық сезімі».


Бәсе. Елді шошытпаңыз олай Дильхан. Жарайды. Расыменде мұндай не істеп жүрсіздер?
«Біз бүгін осы сауда орталығында Анара екеуміздің «Махаббат әні» атты су жаңа әнімізге бейнебаян түсіріп жүрміз. Өте көңілді, түрлі түсті сатираға толы».


Аталмыш туынды сатираға толы болса да, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайды.
«Дәл қазіргі уақыттағы қыздардың ақшаға, киімге құныққаны, яғни сондай бір қалаған киімін алу үшін барлық нәрсеге баруға дайындығы. Менің ойымша бұл өзекті мәселе. Қазіргі проблема десек те болады».


Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын Анара әншінің «Әзіл өлең» атты бейнебаянына түскен болатын. Ал, бүгін міне екі өнерпаз дуэттік әнге бейнеклип түсіруде.
«Бұл енді менің бірінші клиптерімнің бірі. Енді өзім жалғыз болмасам да, дуэтпен болса да ең бірінші клипім. Сондықтан да қобалжу бар».


Бірақ, олар тек түсірілім алаңында кездесіп жүрген жоқ. Дильхан мен Анара жиі тойларда да бас қосып тұрады екен.
«Тек қана ән емес. Екеуміз бірлесіп тойларды басқарып жүрміз. Бұл тек әнші қыз емес, актриса ғана емес, асаба ханым. Мен өзімді шоумен мырза деп қоямын. Екеуміз сегіз қырлы бір сырлы күшті жігіт пен қызбыз. Егер бізді тойға шақырғыңыз келсе, мына нөмірге звондаңыздар. Бірақ нөмір жоқ».


Иә, осындай қалжынға толы бейнебаянды көргілеріңіз келсе, күтіңіздер. Ал, Анара қадамыңыз құтты болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар