Халықаралық әйелдер күніне орай Сәкен Майғазиевтің «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» атты кеші өтті. Бұл әншінің Алматы қаласындағы алғашқы концерті.

Шынымен де жүректі тебірентер ән. Оны әнші алдымен өз ақ жаулықты анасына арнады.


Әрине, осындай айтулы күнде Майғазиев мырзаны МузАрт-та қолдап келді.
МузАрт тобы:
«Концерт мықты деңгейде, үлкен шоу, жаңағы жанды дауыста көріп отырсыздар. Өзімізге қатты ұнады. Біз енді бір топта өнер көрсетіп жүргеннен кейін Сәкеннің кешінде біздің қатысуымыз заңдылық. МузАрттың репертуарындағы «Алтыным» және «Кұсни Қорланды» дайындап келдік».


Аталмыш күн қызықтарға толы болды. Тіпті, кезінде у-шу-мен тарап кеткен «Арай» тобының басы қосылды.
Рысбек Аташ пен Медет Көжекпаев, экс Арай тобы:
«Сәкен ағамыздың арқасында қосылып жатыр басымыз. Бізге Сәкен ағамыздан ұсыныс түсті. Медетке жеке шықты, маған жеке шықты. Біз бірден қолдадық. Келе жатқан кезде мен ойладым Рысбек Аташ, Медет Көжекпаев, Сәкен Майғазиев болып шығамыз ба десек. «Арай» тобымен Сәкен Майғазиев болып шығамыз деді. Біз бір ауыздан келістік».


Жас әншілердің көбісі МузАртқа қарап бой түзеді. Солардың бірі «Меломен» тобы.
Меломен тобы:
«Жалпы мен Сәкен ағадан үйренгенмін милизм деген нәрсені. Жалпы эстрадамыздағы көп әншілерден естіп жатамыз милизматиканы Сәкен Майғазиев алып келді дегенді әріптестеріміз көп айтып жатады».


Айтпақшы, концерттің алдында әнші байқау жариялаған болатын. Сәкен мырза «Сен едің» атты әнді дуэтте орындайтын аруға іздеу салды. Міне, тауыпты.

Бір күнде Сәкен Майғазиев жанды дауыста үш шығармашылық кешін өткізді. Әрине, қобалжусыз болмады.
Сәкен Майғазиев, әнші:
«Қобалжу бірінші концертте болды, жасырмаймын. Екінші концертте ондай болған жоқ. Бірақ енді тебірентетін әндер бар. Сол кезде екі көзге ерік беретін кездер болып қалып жатыр. Бірақ халықтың ықыласына шексіз шүкіршілік айтамын. Рахмет айтамын тыңдармандарыма, көрермендеріме».

Ал, 9-30-ға ұйымдастырылған концерт уақытында басталмады. Жаңбырдың астында қалып қалған халық біраз ашуланған көрінеді.
Сәкен Майғазиев, әнші:
«Сыртқа шығып, кіріп жатқан адамдардан кешірім сұраймын. Өте қобалжып жатырмын. Шарбақты сындыра жаздап, дарбазаны қирата жаздап, есікті төнкере жаздапты жаурап. Қазір жаңбыр жауып кеткеніне қарай ыңғайсызданып тұрмын көрермендерімнен. Сол себепті кешірім сұраймын мың мәрте».


Иә, сері Сәкен мырза кештің үстінде халықтан кешірім сұрады. Сүйікті әншісін көрермендер әрине кешірді. Ендеше, Той Думан арнасы Сәкен Майғазиевты жеке кешімен құттықтайды. Шығармашылық табыс тілейміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар