Жуырда Абай Бегей Монғолияға гастрольдік сапармен аттанған болатын. Енді міне, Абай мырзаның ізін Мәдина Сәдуақасова жалғастыруда.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
«Монғолияға бірнеше концертпен кетіп бара жатырмыз. «Арман елім-ай» атты концерттік бағдарламамен Ұшқын Жамалбек екеуміз».


Әнші Монғолияға жеке кешін өткізуге Наурыз мерекесіне орай шақырту алыпты.
«Бірнеше қала Ховда, Баян-өлгий де, Ұланбатырда. 3000-дық зал өзіміздің Республика сарайындай үлкен әсем деп айтып жатыр».


Аталмыш елге бару үшін Мәдина ханым ұзақ дайындалған. Тіпті, монғол тіліндегі ән жаттады.
«Нағыз кәсіби әнші болғандықтан оны расында ұзақ дайындалып, сол жерде айтып көріп, сол жердегі кісілер мүмкін дұрыстап тағы түсіндіріп ол әнді. Жақсы болып жатқан жағдайда сахнада үлкен халық үшін айтуға дайынмын».


Монғолияға Сәдуақасова ханым бірінші рет бара жатқан жоқ. Осыдан 10 жыл бұрын әнші бір концертке қатысқан. Ал, сол өлкеге екінші рет барсам міндетті түрде халық күткен халық әндерін орындаймын деп сөз берген екен.
«Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ау». Сол әнді еңкейген қарттан жүгіріп жүрген балаларға дейін барлығы жатқа біледі екен. Сол әнмен біздің концерт басталады. Осы өздеріңіз көріп тұрған костюм».


Сол жақтағы қандастарымызға Мәдина ханым тек жанды дауыста ән орындайды. Өйткені...
«Жанды дауыста болады. Тіпті, ол жерде заң бар екен фонограмма ешқандай қолданылмайды деген».


Ал, еліміздің атынан әнші қонақ кәдені алып бара жатыр.
«Мен естелік болып қалсын деп сол біздің күнтізбеміз 2018-2019 жылға арналған және де «Арман елім-ай» атты 21 әннен құрылған ән-жинақ алып бара жатырмыз. Енді біз қазақпыз ғой. Қазақстан брэндтен жасалған орамалдар алып бара жатырмыз».


Ендеше, Мәдина ханым жолыңыз болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар