Осыдан бір жыл бұрын Әсем Омар «Алдама» атты бейнебаянмен біраз жүректерді жаулады. Бір жыл бойы жаңа әндер шығарған әнші тағы бір бейнебаянның түсіріліміне кірісті.
Әсем Омар, әнші:
«Нұржан Өмірбайдың сөзіне жазылған, Апош Сарбаздың «Жүрек сыры» атты әніне бейнебаян түсірудеміз».


Жарқ етіп шыққан Әсемді бүгінде халық ұмытып бара жатқан секілді. Неге көрінбей кеттіңіз?
«Неге ұзақ уақыт болғанда, мен әншілік мен қатар журналистпін кәсіби. Сіздің коллегаңызбыз. Одан бөлек отбасым бар, жанұям бар. Балалымын, балапандарымның шаруасы бар. Отбасым мен шығармашылықты бірге алып жүрген жәйім бар. Сол себепті перерыв болды».


Су жаңа әннің тақырыбы да отбасымен байланысты.
«Жалпы негізгі ой бұл әннің «балаң патша болсын десең, әкесін хандай қадірле». Міне нақты бұл әннің ойы осы».


Өнер жолы аруларға қиын деп жатады. Бірақ, Әсемнің жолдасы өнерін қолдайды.
«Жоқ, отағасы қызғанбайды. Өйткені ол өзі өнер адамы ақын, журналист. Сол себепті ол менің өнерімді бағалайды. Енді басынан білді ғой әнші екенімді. Кімді алпы жатқанын білді».


Бейнеклип Наурыз мерекесіне қарсы жарыққа шығады. Сондықтан, күтіңіздер!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар