Нұрболат Абдуллин алғаш шығармашылық кешін Алатау бөктерінде, әсем қала Алматыда өткізбек. Бүгінде әнші дайындық үстінде. Өйткені, кешке небәрі бір ай қалды.
Нұрболат Абдуллин, әнші:
«Қазақта сөз бар «Сәуір болмай тәуір болмайды». Құдай қаласа сол сәуір басталғаннан кейін бірден менің осы Алматы қаласында өзінің отымен, көңіл-күйімен менің үлкен алғашқы шығармашылық кешім өтеді».


Әншінің айтуынша кеш жанды дауыста, тіпті басқа концерттерден өзгеше болады.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек деген сөз бар. Сондықтан да бұл концерт басқа концерттерге қарағанда өзгеше боуы тиіс».


Иә, міне жас әнші тыңдармандарын үлкен шығармашылық кеште таңқалдырмақ. Бірақ, ерте емес пе?

Әнші көп ойланып, былай тіл қатты.
«Ерте деп ешкім сұрап көрген жоқ концерт басталғалы. Ағалар керісінше батасын беріп жатыр, әпкелеріміз, замандастарым қолдап жарайсын, бұл да бір белес деген сияқты. Иә, бұл этаптан барлығымыз өтуіміз керкепіз».


Естеріңізге сала кетейік, Нұрболат өнер жолын былай бастаған...
«Негізі өзімнің шоу-бизнесте білек-сыбана белімді буып, осы шығармашылыққа кірісуім осы 2012 жылдан бері басталды. Ал, осы халыққа танылуым 2 жылдан кейін, 2014 «Сүйгенің қайда» деген әнім шықты. Содан бастап өзімнің көрерменімді жайлап жинап келе жатырмын».


Жарайсыз, Нұрболат. Айтпақшы, кештің ерекшеліктері де жоқ емес.
«Енді әзірге жарнамада фишканың өзі сандардада болып тұр ғой. 04.04, басталуы 19-19. Аты рим сандарымен 12-7. Ал енді концертке келген адам қандай фишка керек өздері тауып алар».


Сондықтан, сәуірдің төртінші жұлдызында өтетін кештен қапы қалмаңыздар. Концертте Нұрболат белгілі әндерімен қоса су жаңа туындыларының тұсауын кеспек. Ендеше, сәттілік.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар