Әзілдерімен халықтың жүрегін жаулап алған «Өнер қырандарының» кешіне аз уақыт қалды. Естеріңізге сала кетейік, концерт, яғни той Республика сарайында өтеді. Жо-жоқ, біз қателескен жоқпыз. Өнер қырандары Наурыз меркесіне орай «Наурыз Көше» атты дүркіретіп той жасамақ. Ал, кеш қазақы салттарымызды жаңғыртып, ұлттық мүддені сақтау мақсатында ұйымдастырылуда. Ұлыстың Ұлы күнін Нұрлан Албан, Жанар Айжанова, Төреғали Төреәлі, Серік Ибрагимов, Қуандық Рахым және тағы басқа әншілермен қарсы аламын десеңіздер, 16 наурызда Республика сарайына жол тартыңыздар. Айтпақшы, концертте әншілермен қоса айтыскерлер де өнерлерін көрсетпек. Сондықтан, қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар