Осыдан 17 жыл бұрын Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобын құрып алғашқы продюсерлердің қатарына кірді. Ал, 10 жыл бұрын продюсер жары Қарақат Әбілдинамен «Қарақат метеп студиясын» ашуға бел буды. Иә, бүгінде талай өнерпаздарды тәрбиелеп келе жатқан өнер ордасы сахнада мерейтойларын тойлауда.

Әрине, 10 жыл деген аз уақыт емес. Әр бастама ең бастысы шыдамдылықты талап етеді.

Қыдырәлі Болманов, продюсер:
«Осы концерт 10 жылдығына орай. 10 жыл деген кәдімгідей өмір. Енді оның ішінде оп-аңай мектеп қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан мектептің тірегі ол әрине ұстаздар. Екінші тірегі ол ата-аналар. Үшінші тірегі сол балалардың өзі».

Айтпақшы, аталмыш күні балалар дуэтте ән шырқады. Иә, иә жұлдыздармен.

«150-ге жуық бала қатысып жатыр. Мекемеде 400 астам бала оқиды. Бүгін енді бауырларымыз, тілектестеріміз қатысып жатыр. Бір 20 шақты болар деп ойлаймын. Өйткені балалардың жұлдыздармен ән айтуы ең бастысы ол сахна тәрбиесі»

Алдағы уақытта басқа қалалардан да «Қарақат мектеп студиясы» ашылмақ.

«Алматы қаласынан ашылды. Шымкентте ашылды. Енді Ақтөбе, Шымкент, Ақтау, Атырау деген сияқты бүкіл Қазақстанда мектепті ашпақшымыз. Сөйтіп, шәкірт тәрбиелеп, ұлттық өнерге тәрбиелеп, кәусәр бұлақтан нәр алған сияқты өте мықты азаматтар болып өседі».

Ендеше, Той Думан арнасы сіздерді құттықтайды.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар