Роза Әлқожаның бүгінде қолы бос емес. Өйткені, әнші 5-ші мамырда, Республика сарайында өтетін кешіне дайындалуда. Иә, оның жоспарлары, өзінің жүрегі сияқты үлкен.
Роза Әлқожа, әнші:
«Енді мына концертке байланысты тағы жақсы бір дуэттер болады деп ойлаймын. Оны енді айтпай-ақ қояйын. Сосын енді тағы бейнебаян түсіргім келіп жатыр. Көктемнің бір жақсы жаңалығы болсын деп. Оны да енді көресіздер. Бір нәрсені жасайтын кезде кішкене жасырын ұстаған дұрыс екен».


Ойыңызды түсіндік, Роза ханым. Бірақ, тым болмаса бір тұспалды айтсаңызшы.
«Биыл 2-3 әнді ойлап отырмыз. Қайссын таңдайтынымызды білмей тұрмыз».


Ал, таңдау мына әндерге түсіпті.
«Мен сені сүйемін өмірге» клип түсірейін дегенбіз. Өйткені мүмкіндігі шектеулі адамдар, қаншама жандар өмір сүріп жатыр. Өмірден алынған жағдайлармен түсірсек дегенбіз. Сосын «Жаңбыр» әні. Енді ол романтикалық бейнебаян болса деп оны да ойладық. Сосын «Сен маған ұнайсын» әні барлығына ұнап жатыр».


«Сен маған ұнайсын» әні тек Роза ханымға емес, Бағлан Әбдірайымовқа да ұнайды екен.
«Концертте де сол әнге неге екенін білмеймін, халық бір күшті көңіл-күймен отырады. Бағлан Әбдірайымов айтады осы әнді сенімен бірге айтайыншы деп. Сосын мен күліп жатырмын бейнебаян түсіреік десем, жарайды түсірейік, осы ән ұнайды маған деп».


Концертте халықты таңқалдыру үшін әншілер түрлі тәсілдерді қолдануда. Әйтеуір, отбасын сахна шығару сәнге айналды. Ал, сізге ондай ой келмеді ме?
«Қалжындап айтып қоямын арасында Айдын менімен дуэт айтып шығасын ба деп? Ол айтады әркім өзінің жұмысын істеу керек, мен журналистпін ғой деп. Менің табиғатым келмейді дейді. Саханы сыйлау керек. Сен өзінің қалауын болған соң сахнада жүрсін ғой. Газет журналисті ғой. Ұят болады дейді».


Концертте Әлқожа ханымның жары ән айтпаса да, басқа дуэттер болады. Сондықтан, асығыңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар