«Атағы шыққан өлмейді, Есте қалмаған өледі»- демекші, әншілер үшін әрине бұл басты мақсат. Бірақ, атақ уақытпен өлшенеді ме? Әрине, қазіргі уақытта бір әнмен белгілі әнші болып кетуге болады. Алайда, осы мәртебені ұстау барлығының қолынан келе бермейді. Әр жыл сайын жас әншілер көбеюде. Ал, есті және ескі әндерді орындайтын өнерпаздар сахнадан сирек көрінетін болған. Иә, халық бүгінде Жұбаныш Жексенұлының әндерін сағынды. Ал, сүйікті тыңдармандарын қуанту үшін Жұбаныш мырза шығармашылығына кірісіп кетті. Жуырда ол «Асау жүрек» атты туындыға бейнеклип түсірген болатын. Ал, 5 мамыр күні шығармашылық кешін беруді жоспарлауда. Концерт елодада, Астана эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Ендеше, Той Думан арнасы Жұбаныш мырзаға шығармашылық табыс тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар